Алматы облысының әкімдігі Арыстағы 157 үйді жөндеп беретін болды
Атырау облысы РКҚ
Арыстықтарға Алматы облысының әкімдігі де қол ұшын созып, бүлінген үйлерді жөндеуге көмектеседі. Ол үшін құрылыс материалдарын жөнелтіп те жатыр.
Аймақ өкілдері Арыс қаласындағы 157 үйді бір ай мерзім ішінде жөндеп беретін болды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жетісу өңірінен Түркістан облысына бұған дейін кірпіш, құрғақ қоспа, гипсокартон сияқты құрылысқа қажетті материалдар мен құны 56,4 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жөнелтілген еді. Бүгінде оған қосымша 17 млн теңгенің заттары жинақталды.
Арыстық 150 бала жақында Еңбекшіқазақ ауданындағы және Қапшағай қаласының іргесіндегі жазғы лагерьлерде демалып, тынығатын болады.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қарамағындағы қызметкерлерге Арыстан Жетісуға келетін балалардың санын барынша арттыруды тапсырды.
"Қазір әр үйдің, әр сондай нысандардың бәрінің техникалық құжаттары жасалып жатыр. Қай жерде шатыры кеткен, қай жерде терезелері түскен, қай жерде қабырға құлаған, солардың бәрін ретке келтіріп, жұмысқа кірісіп жатыр. Енді оның көлемі өте үлкен. Оның бәрін бір айдың ішінде бітіру үшін, өздеріңіз білесіздер, күні-түні жұмыс жасау керек. Осы категория бойынша: « Арыстық балаларды Бурабай және Зеренді аудандарындағы 7 демалыс орны қарсы алады Арыстықтарға 115 түркістандық ерікті қол ұшын созуда", - дейді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript