Жаңалықтар тізбегі
0

Әкімдерге атаулы көмекке жүгінушілердің санын қысқарту тапсырылды

Мangystaumedia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2019 20:33 Мangystaumedia.kz
1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы қабылданғаннан кейін 78 млрд теңге төлем жасалған.

Әлеуметтік келісімшарттарға отыру керек және атаулы көмек алатындардың санын қысқарту қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының басты тапсырмасы – жұмыспен қамту. Осыған байланысты өңірлерге өтініш, осы топқа жататын адамдардың еңбекке жарамдысымен әлеуметтік келісімшарт жасасып, жұмысқа тұрғызу керек. Соның нәтижесінде атаулы көмекке зәрулердің қатарын азайта аламыз", - деді ол.

Оның айтуынша, атаулы көмек алушылардың санын қысқарту үшін оның көбісін жұмыспен қамту керек.

Өңір басшылары, тапсырма беріңіздер. Міне, біз мына арада өңірдің барлығына өз сараптама мен бағалауларымызды жолдап қойдық. Қай бағытта қалай жұмыс істеу керектігіне дейін, - деді министр.

Ол 1 сәуірде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа форматы қабылданғанын баса айтты.

- Бүгінгі таңда ол бойынша 78 млрд теңге төленді. Санға шағып жіберсек, бұл бір адамға 105 теңгеден келеді деген сөз, - деді Сапарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: