Жаңалықтар тізбегі
0

"Бірден болмайды...". Дана Нұржігіт ЭКО жасату кезінде тап болған қиындықтарымен бөлісті

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2019 21:36 видеодан алынды
Соның бәрін бірге өткен баланың әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған - Дана Нұржігіт

Тележүргізуші Дана Нұржігіт ЭКО-мен бала көтергенін, оның тек 11-ші ретінде ғана бойына біткенін ашық айтып, өз басынан өткен қиындығын жайып салды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Дана Нұржігіттің айтуынша, осындай тауқыметтен өтіп, қиналысын ешбір жанға білдірмей мықты көрінуге қанша тырысқанмен, өз күйеуі жонына пышақ салып, сатқындық жасаған.

"Сатқындық деген не? Тұтқиылдан келген жау болса,мейлі,ал жан тәніңмен берілген жарың сатқындық жасаса ше?" деп басталатын тележүргізуші посты, негізінен бала сүю жолында тап келген қиындықтарға арналады.

"Ана болу жолында жанкештілікке даяр мен ешбір кедергіні көзге ілмейтін едім. Әмбе-әулиелерді аралап, ем іздеп, дәрігерден дәрігер тауып, аяғында ЭКО тәсіліне жүгіндім. Медицинаның бұл саласын керек етпейтіндер ең бақытты жандар шығар! Ал,бөбектің иісін аңсаған жұптар үшін бұл соңғы мүмкіндік. Сондай-ақ, медицинаның заманауи жетістіктері расында да үлкен үміт сыйлайды. Сол орталықтарды жағалап жүріп, мен небір оқиғаларға куә болдым...Бұл өмірде бәрі де мүмкін! Бәрін түсінуге болады,кешіруге болады! Егер ол ізгілікке, жаңа өмірге, қуанышқа жеткізер жол болса ғана...

ЭКО ер мен әйел клеткаларын табыстырып, жатырға қондыратын миссияны орындайтын тәсіл ғана! Ал, қалғаны бір Алланың қолында. Оны дәрігерлер де мойындайды.Табиғаттағыдай бала бірден бойға қона салмайды. Бір емес,бірнеше рет жасалуы мүмкін. Жасалу деп айтуға ғана оңай, ал ол қанша уақыт, денсаулық, қала берді, қаржы! Болмай қалса, психологиялық соққы. Содан соң жиналып алып, қайта тұрып, бәрін басынан бастау! Ол "адам басына бермесін" дейтін тар жол тайғақ кешу. Мен Әлімді бауырыма алғанша сол жолды 11 рет шыр айналдым! Қазір ойлансам, ақылға қонбайтын жанкештілік! Көзсіздік! Соның бәрін бірге өткен баланың әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған?!" делінеді жазбада.

Ал күйеуінің сатқындығы туралы сөз басындағы ойына журналист келесі бір жазбасында оралатынын ескертуді ұмытпапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: