Жаңалықтар тізбегі
0

Жаназа кезінде ер адам аяқ-астынан тіріліп кетіп, елді шошытты

gazeta500.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2019 15:40 gazeta500.ru
«Жүрегі әлсіз болсын соғып тұр, қимыл-тіректері де қозғалыста», деп мәлімдеген дәрігерлер.

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Лахнау қаласында жаназасын шығарып жатқан еркек аяқ астынан қозғалып, тіріліп кеткен. Ал дәрігерлер алдында оны "көз жұмды" деп, ауруханадан шығарып тастаған, деп хабарлайды Lenta.ru.

Көлік апатына ұшыраған 20 жасар Мұхаммед Фуркан 21 маусымда, яғни жұмада жекеменшік ауруханаға жеткізілген. Ал дүйсенбі күні, яғни 24 маусымда дәрігерлер "көз жұмды" деп жігіттің мүрдесін туысқандарына табыстапты. Қайғы жамылған отбасы ақыры жерлеу рәсіміне дайындалған.

Молаға Фурканның денесін қойып жатқан еркектер оның қозғалғанын байқаған. Олар бірден мүрдені ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер оны тыныс алу аппаратына қосыпты. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте нашар, өлім мен өмірдің арасында жатқан адам. Бірақ белгілісі, оның миы жұмыс істеп жатқан.

"Жүрегі әлсіз болсын соғып тұр, қимыл-тіректері де қозғалыста", деп мәлімдеген дәрігерлер.

Фурканның үлкен ағасы Ирфан бауырын емдету үшін 700 мың рупий төлегендерін, бірақ ақшалары бітіп қалғанын айтқанда, дәрігерлер оны "қайтыс болды" деп ауруханадан шығарып тастағанын айтады.

Қаланың бас дәрігері Нарендр Агарвал бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлім етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: