Алматыда дәріленген қауын-қарбыздар сатылып жатыр - сараптама
Отырар ТВ
Алматының санитарлық дәрігерлері көшеде сатылып жатқан қауын-қарбыздардың құрамында нитрат көрсеткіші жоғары екенін анықтады.
Қалалық тауар мен қызмет сапасын бақылау департаментінің қызметкерлері жүргізген тексеріс нәтижесі, базарда сатылып жатқан қауында нитрат қалыпты жағдайдан 2 есе, қарбызда 0,5 есе артық екені көрсеткен деп хабарлайды Хабар 24. Нитрат талап бойынша келісіне 60 миллиграмнан аспауы (60 мг/кг) тиіс.
Нитраты жоғары өнімді жеген адамның асқазан ішек жолдары ауырып, гемоглобин өзгеруі мүмкін. Санитарлық дәрігерлер бақша өнімдерін тек қана арнайы рұқсаты бар орындарда сатып алу керектігін ескертеді.
Айта кетейік, қаланың барлық аудандарында арнайы акция жүруде. Сатып алған тауардың сапасы күдік тудырса, ірі сауда орындарының жанындағы жылжымалы зертханаларға барып, тегін сараптама жасатуға болады.
"Көшеде сататын ретсіз сауда орындарында немесе мына автокөліктерде сатады, ол жерден сатып алмау керек. Неге десеңіздер, қолдарында олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар жоқ, не медициналық тексерістен өткенін білмейміз, пышақпен кестіріп аламыз, ол үйге жеткенше қарбызымыз ластанып апсеменение болады. Сондықтан суық судың астына дұрыстап жуып, таза ыдысқа қойып жеу керек. Қарбызды кескен кезде ашық күлгін болса, немесе, сары жіп сияқты болған кезде оны жемеу керек", - дейді қалалық тауар мен қызмет сапасын бақылау департаменті үйлестіру бөлімінің жетекшісі Әнел Мұсаева.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript