Биыл қыркүйекте ең арзан BMW шығады (бағасы 799 евро)
![Drive2, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2019 16:17](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-992db63b-c752-4666-9a19-9a943013ed20/800x452.webp)
BMW E-Scooter-дің салмағы 9 келі.
BMW компаниясы 2019 жылдың қыркүйегінде E-Scooter деген атаумен электросамокат шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz auto.mail.ru жаңалығына сілтеме жасап.
BMW маркасының алғашқы самокаттары Micro Mobility компаниясымен бірлесе өндіріледі.
BMW E-Scooter-дің салмағы 9 келі, жылдамдығы сағатына 20 шақырымды құрамақ.
Самокаттың бағасы 799 евро болады, ал балаларға арналған BMW Kids Scooter-дің бағасы 120 евро.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript