Бас санитар елордадағы масаларға қатысты мәлімдеме жасады
кazaknews.kz
Бір айта кететін дүние, біздің масалар ауру жұқтырмайды. Көп болса, аллергия туғызуы мүмкін - бас санитар.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин соңғы күндері бас қаладағы масаның көбейіп халықтан маза кетуіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Біздің масалар ауру жұқтырмайды. Көп болса, аллергия туғызуы мүмкін. Қала күнінің алдында ғана елордада нөсер жауындар болғаны естеріңізде шығар. Сол жауынның салдарынан масалар ерекше қаптап тұр", – деді Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Ол сондай-ақ масамен күрес шаралары биылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен жергілікті әкімдіктердің міндетіне берілгенін тілге тиек етті.
"Масамен күресте дәрі шашумен шектелмей, жаңа тәсілдер іздеу қажет. Бір айта кететін дүние, біздің масалар ауру жұқтырмайды. Көп болса, аллергия туғызуы мүмкін. Ал тропикалық елдерде безбектер мен қызбалардың көбі осы масалардан жұғып жатады. Сондықтан шетелге барған кезде орналасқан үйіңіздің терезесінде шыбын-шіркейге қарсы тор құрылғанына көз жеткізу қажет. Сыртқа шыққан кезде ашық түсті киім киген дұрыс. Ондай киімнен денеге қандай жәндік қонғанын бірден аңғаруға болады", – дейді ол.
Одан бөлек, Бекшин жаз бойы ел аумағында кенелер белсенділігінің сақталатынын ескертті.
"Жылда кенелер көктемнің соңғы айы мен жаздың бірінші айында ғана таралатын. Биыл жаз жаңбырлы болып тұр. Бұл олардың таралуына өте қолайлы. Сондықтан, биыл жаз бойы кене қаупі сақталады", – деді еліміздің бас санитары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript