Желіде елорда әкімінің жалған аккануттары қаптап кетіпті

Елорда Ақпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2019 21:35 Елорда Ақпарат
Жалған аккаунттардың пайда болуына байланысты қала әкімдігі құқық қорғау органдарына көмекке жүгінгендерін де айтты.

Әлеуметтік желілерде елорда әкімі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алтай Көлгіновтің Twitter @AltayKulginov, ондағы тіркелген уақыты - 2017 жылдың қараша айы), одан бөлек Facebook, instagram @altay_kulginov_official әлеуметтік желілерінде ғана тіркелгенін хабарлаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жоғарыда аталған ресми аккаунтарында келтірілген ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Әкімнің атынан басқа аккаунттарда орналастырылған кез келген ақпарат жалған екенін мәлімдейміз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жалған аккаунттардың пайда болуына байланысты қала әкімінің аппараты құқық қорғау органдарына көмекке жүгінгендерін де айтты.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: