Суханбердиева мектепке қымбат Айфон мен Айпад алдыртты деп айыпталуда
Елордада ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваның соты өтіп жатыр. Сотта ол өз кінәсін мойындады деп хабарлайды Zakon.kz.
Экс-вице-министрге қатысты қылмыстық іс Есіл аудандық № 2 соттың қарауында болған. Суханбердиеваны арнайы көлікпен сот залына жеткізді. Сот залында Эльмира Суханбердиева өз кінәсін мойындап, артық айғақтардың қажет еместігін айтқан. Бұл туралы мәлімдемені прокурор жария етті.
"Суханбердиеваның айыбы өзінің мойындауымен, куәгерлер мен күдіктілердің түсініктемесімен және қылмыстық істің өзге де материалдары арқылы расталды (...) Күдікті өз айыбын толық мойындады", - деді мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Бекмағамбетов сот отырысында.
Сот Суханбердиеваны қызметін асыра пайдаланды, кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысты деген екі бап бойынша айыпты деп тапты. Сөйтіп оны мемлекеттік қызметпен енді шұғылданбайтындай үкім шығарды. Одан бөлек 2500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде оған айыппұл салды. 2019 жылдың 3 маусымында "Центральная" экономикалық мектебі директорының кабинетінен табылған 11 млн теңге мемлекет қазынасына тәркілеуге жатқызылды.
Тергеу деректеріне сүйенсек, Суханбердиева мен Шеверняева жалған ЖШС ашқан, әрине қожайындары өзі емес. Бірақ өздеріне қатысты, туған-туыстарының аты-жөні тіркелген ол арада. ЖШС-дағы екеуінің үлесі теңдей, яғни 50 проценттен. Екеуі осы ЖШС-ның шотына жекеменшік мектепке ғимарат сатып алу үшін деп 154 млн 522 мың 300 теңге аударған. 2019 жылдың мамырында әртүрлі мемлекеттік органдардан Шеверняеваның үстінен арыз келіп түскен. Соның ішінде жекеменшік мектепке де қатысты. Арыз Нұр-Сұлтан қаласындағы білім басқармасының қадағалаушы департаментіне жолданған. Бірақ 2019 жылдың мамыр айының соңында арызды Суханбердиева өз қадағалауына алып, құзіретін асыра пайдаланған.
Айта кетейік, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды.
Оған мемлекетті алдап мамандандырылған экономикалық мектеп ашты, сол секілді өз құзіретін пайдаланып, кәсіпкерлерге кедей отбасы балалары үшін деп қымбат Айфон мен Айпад алдыртты деген айып тағылған.