Атышулы P. Diddy 13 жасар қызға зәбір көрсетті деп айыпталуда
Page Six мәліметінше, Диддиге қарсы 13 жасында одан зорлық көрдім деген әйел сотқа шағым түсірген. Оқғиға 2000 жылы MTV музыкалық сыйлығынан кейін болған.
Дәл сол кезде 13 жастағы жасөспірім қыз, қалай екені белгісіз, Комбспен бір ортада болған. Алайда, қыз ішкен сусынынан кейін өзін нашар сезініп, жатуға кеткен. Оның артынан Дидди жатын бөлмеге кіріп, оған зорлық көрсеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, Шон жалғыз болмады. Оның қасында тағы екі атақты адам болған — сотта олардың есімі жария етілмеді. Дегенмен, олардың ішінде әйел адам болғаны белгілі болды.
Жәбірленушінің адвокаты бұл оқиға оның өмірін түбегейлі өзгертті деп мәлімдеді. Ол депрессияға ұшырап, әлі күнге қалпына келе алмаған.
Бұған дейін P. Diddy-дің түрмеде аштық жариялағаны хабарланған болатын.