Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында полицейді өртеп жіберген

видеодан алынды видеодан алынды
Полицейдің өліміне ұрлық немесе қарақшылық себеп болуы мүмкін емес екені айтылуда. Олай болса, қылмыскерлер оның ұялы телефоны мен ақшасын ұрлап кетер еді.

Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Майордың жүрек тұсына пышақ салынған. Бейтаныс әйел телефонмен Жайсан ауылының маңында адам денесін көргенін айтқан. Артынша көрсетілген жерге жедел топ қызметкерлері келіп, әріптесінің өртеніп кеткен денесін көрген. Бұл Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-сараптамалық жұмыс тобының инспекторы, полиция қызметінің майоры 30 жастағы Бағдат Мәмілеев болып шықты.

Полицейді анықтауға ерекше белгісі де көмектескен - ол үш жыл бұрын жол апатына түсіп, жарақат алған екен, денеде сол жараның ізі бар. Оның жеке куәлігі мен қызметтік куәлігі тұлғасын куәландырды. Сонымен қатар құжаттар жатқан пакетте ұялы телефон, қуаттандырғыш, аздаған ақша, джинсы шалбар, екі жейде және ауыстыратын киімдері болған. Заттар салынған пакет мүрдеден 10 метр жерде жатқан.

Полицейдің өліміне ұрлық немесе қарақшылық себеп болуы мүмкін емес екені айтылуда. Олай болса, қылмыскерлер оның ұялы телефоны мен ақшасын ұрлап кетер еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: