Депутат әкім орынбасары боп кетті
Баспасөз қызметі
Ол осыған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен Мәкен Бақтияр Мәкенұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік қорғау, ішкі, жастар саясаты және ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Zakon.kz.
Мәкен Бахтияр Мәкенұлы 1981 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығын, «Болашақ» бағдарламасымен Монтана-Миссула университетін тәмамдаған. Мемлекеттік басқару магистрі (МРА) дәрежесі бар.
Ол алдында алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript