Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі келіссөздер өтетін болды
![pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2019 16:44](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-fec9f9ee-cb42-48bf-aa0a-0a81ffc193e1/800x452.webp)
Астана процесінің кезекті кезеңі 1-2 тамызда өтеді.
Сирия жөніндегі Астана форматындағы кезекті басқосу 1-2 тамызда өтеді, деп хабарлады Ресей СІМ басшысының орынбасары, президенттің Таяу Шығыс және Африка елдері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов.
Бұл туралы РИА Новости жазды.
- Кездесудің датасы анықталды. Ол отырысқа қатыса алатын барлық мүдделі тараптар арасында келісімге қол жеткізілді. Кездесу 1-2 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді, - деді Богданов.
Арнайы өкіл хабарлағандай, Ресей, Түркия және Иранның Сирия бойынша саммиті Нұр-Сұлтандағы кездесуден кейін өтуі мүмкін.
- Тамыздың басында Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі кезекті, он екінші халықаралық кездесу болады. Белгілі бір инновация бар, өйткені бақылаушы ретінде тұңғыш рет Ливан мен Ирак өкілдері қатысатын болады, - деп қосты Богданов.
Оның сөзінше, Ресей, Түркия және Иранның Сирия бойынша саммиті Нұр-Сұлтандағы кездесуден кейін өтеді, ол саммитті бұл жолы Түркия қабылдайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript