22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша келіссөздер өтеді
Оның айтуынша, келіссөзге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері бақылаушы ретінде келеді деп күтілуде.
«2022 жылғы 22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша Астана форматындағы 19-шы халықаралық кездесу өтеді. Айбек Смадияров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіледі:
Сириядағы «жердегі» жағдай, оның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық;
саяси процесті жан-жақты ілгерілету;
кепілге алынғандарды босатуды және хабарсыз кеткен адамдарды іздеуді қоса алғанда, сенім шаралары;
Сирияны қақтығыстардан кейінгі қалпына келтіру мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру және сириялық босқындардың отанына оралуы үшін жағдай жасау.
СІМ ресми өкілінің айтуынша, бірінші күні кепілгер елдердің екіжақты және үшжақты консультациялары, сириялық тараптармен келіссөздер, бақылаушы тараптардың делегацияларымен байланыстар күтілуде.
Екінші күні консультацияларды жалғастыру, пленарлық отырыс және баспасөз мәслихаты жоспарланған.
Сонымен қатар, келіссөздер аясында кепілгер елдер мен БҰҰ сарапшыларының, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қатысуымен күштеп ұсталған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысын өткізу жоспарлануда.
14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздердің 18-ші раунды өтті.