Жаңалықтар тізбегі
0

Жер шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2019 20:08 Ақорда
Жер – өндірістің басты факторы.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында тағы бір үлкен сұрақты – жерді тиімді пайдалану мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Ауыл шаруашылық алқаптарын түгендеу барысында пайдаланылмаған 16,5 млн гектар жер анықталды. Бұл проблеманың бір бөлігі ғана. Мен үкіметке барлық ауыл шаруашылық жерлерді тексеріп, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырамын. Жер – өндірістің басты факторы. Бұл мәселені тиімді шешпей, ауылды дамыту мүмкін емес. Бұл қиын екенін түсінеміз, бұл жерде Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің үйлесімді әрекеті қажет. Бұл жұмыстарды келесі жылдың аяғына дейін аяқтау маңызды. Яғни бәрін цифрлау қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жер сол жерде жұмыс істейтіндерге тиесілі болуы керек.

- Үкімет жердің рационалды пайдаланылуын қадағалай бастады. Бұл жұмысты соңына дейін аяқтау қажет. 2021 жылы жер кодексінің нормаларына енгізілген мораторий аяқталғанда біз жер мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Парламент мүшелері, халық осы мәселе бойынша өзі шешім қабылдайды. Ал шетелдіктерге келер болсақ, жер оларға сатылмайды , - деп түйіндеді Тоқаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: