Синоптиктер еліміздің кейбір аумағында күн салқындайтынын болжады
Дүйсенбіде, яғни 22 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасап, Zakon.kz.
Еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстікте аптап ыстық сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ал республикамыздың басқа өңірлерінде қатты жел тұруы мүмкін. Атап айтқанда, солтүстікте және орталықта дауыл соғуы ықтимал, ал оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Солтүстік-батыста тұман түсуі ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді,
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қарағанды, күндіз Батыс-Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, кей жерлерде Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.