Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы көз жұмды
ERR
Осыған байланысты ұйымның штаб-пәтерінің төбесіндегі ту төмен түсірілді.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Амано қайтыс болды, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы осы ұйымның баспасөз қызметі хабар таратқан.
"Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің хатшылығы осы агенттіктің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды жеткізеді", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты ұйымның штаб-пәтерінің төбесіндегі ту төмен түсірілді.
Агенттік Аманоның қызметінен өз еркімен кетуге дайындалып жүргенін жеткізген. Ол 2009 жылы АЭХА басшылығына келген, оған дейін Агенттіктегі Жапонияның елшісі және тұрақты өкілі болды. Дипломат сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымында (БҰҰ) қызмет етті, 1972 жылдан бастап Жапонияның Сыртқы істер министрлігінде әртүрлі қызмет атқарды. Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау тақырыбына маманданған. Ол 74 жасына қараған шағында көз жұмды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript