Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада тыр жалаңаш жүрген ер адам жазадан сытылып кетті

Инстаграм Инстаграм
Полициядағылар қоғамдық тәртіпті бұзған бұл ер адамға жаза қолдана алмайтындарын айтқан.

Нұр-Сұлтан қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген еркекті полиция ұстап, кім екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Инстаграмдағы ostanovka98 парақшасында көшеде тыр жалаңаш кетіп бара жатқан ер адамның видеосы тараған еді. Видеода бұл Нұр-Сұлтан қаласы екені көрсетілген. Елордалық полиция департаменті бұл жайтқа байланысты түсінік берді.

Олардың айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзған бұл ер адамға жаза қолданылмайды.

"Кеше күндіз Жеңіс және Бөгенбай даңғылы қиылысында ер адам көшеде тыр жалаңаш жүрген. Оны полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасынан байқап қалып, жақын маңдағы бөлімшеге апарған. Ер адамның денсаулығында кінәрат бары анықталды. Медицина қызметкерлері келіп, оны ауруханаға алып кетті. Егер көшеде сау адам солай жүрсе, міндетті түрде жазаланады", – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз