#Birge #TazaQazaqstan экоакцисы аясында 16 тоннадан астам қоқыс жиналды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 20:07 astana.gov.kz
Әкімдік осындай экологиялық шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Үкімет бастаған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қалада өткізу бастамасын қолдады. Республикалық экоакцияны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев да қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz елордалық əкімдігіне сілтеме жасап.

- Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасы бойынша бүкіл елде ашылған экочеллендж қозғалысын қолдаймын. Елімізді тазалық аумағына айналдырамыз. Бірге-Таза Қазақстан! Волонтерлер жарайсыңдар!",- деп жазды Қ. Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 20:07

Әкімдіктің экологиялық акциясына 5 мыңнан астам адам қатысты, олардың ішінде жастар, еріктілер және қоғам қайраткерлері бар. Іс-шараға Үкімет мүшелері де қосылды. Акция 4 жерде өтті: Майбалық көлінің жағасында, Қарасу, Есіл өзендерінде және Вячеслав су қоймасы аумағында. Жалпы акция барысында 16 тоннадан астам қоқыс жиналды.

- Бүгінгі демалыс күніне қарамастан, көптеген ниет білдірушілер экоакцияны өткізуге қолдау көрсетіп, аумақты қоқыстан тазартуға көмектесті. Бастамаға бей-жай қарамағандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет. Бізге табиғатты қорғау керек. Біз таза ауада демалғанды ұнатамыз, сондықтан, қоршаған ортаны әрқашан таза ұстауға міндеттіміз. Тазалықты өзімізден бастауымыз керек, - деді А. Көлгінов.

Әкімдік осындай экологиялық шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 20:07

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: