Жаңалықтар тізбегі
0

#Birge #TazaQazaqstan челленджіне қатысқан шығысқазақстандықтар 800 тоннадан астам қоқысты жинады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:09 Zakon.kz
Акцияға қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев алғысын білдірді.

#Birge #TazaQazaqstan челленджіне қатысқан шығысқазақстандықтар 800 тоннадан астам қоқысты жинады.

Бүгін, шілде айының 27-сі күні сағат 10.00-де Шығыс Қазақстандағы 19 қала мен ауданда бір мезетте #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акция бастау алды. Оған аймақтағы 33 мыңнан астам тұрғын жиналып, демалыс орындарының аумағын қоқыстан тазартуға қатысты. Сөйтіп, бірнеше сағаттың ішінде 800 тоннадан немесе 3206 текше метрден астам қоқыс жиналып, аралдар мен саябақтар, өзен жағалаулары, қазаншұңқырлар (котлован), сондай-ақ Полковничий мен Комсомол аралдары, Үлбі жағалауы қалпына келтірілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:09

- Біз бұл акцияға қатысқанымызға қуаныштымыз. Шығыс Қазақстан әрдайым әсем табиғатымен көз тартады. Сол себептен біз өңіріміздің одан сайын құлпырып, гүлденуіне үлес қосуымыз керек. Біз маңайды жинап жүрген кезде экологиямызға зиян келтіретін пластик ыдыстарды көптеп жинадық. Сондықтан бәріміз табиғатты аялап, әркім өз соңынан қоқысты жинап жүрсе екен деген тілегіміз бар, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Малика Елюбаева.

Акцияға қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев алғысын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:09

- Қоршаған ортаны қорғауды әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Бұл біздің келер ұрпақ алдындағы парызымыз. Аталмыш акцияны дәстүрге айналдыру үшін біз жастарға үлгі көрсетуіміз керек, - деді ол.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:09, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2019 22:09

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: