Сотталған Жақсылық Омардың орнына ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кім келді

Сотталған Жақсылық Омардың орнына ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кім келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 14:07 Сурет: Instagram/zhaksylyk_omar, gov.kz
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Жаңа қызметке Дархан Сапанов келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Дархан Бақытжанұлы Сапанов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды".
Сотталған Жақсылық Омардың орнына ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кім келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 14:07

Сурет: gov.kz

Дархан Бақытжанұлы Сапанов 1985 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген.

Жоғары білімді бірнеше оқу орнында алған. 2007 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Өнеркәсіптік жылу энергетикасы" мамандығы бойынша инженер біліктілігімен тәмамдаған. 2009 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында "Іскерлік әкімшілендіру докторы" (DBA) бағдарламасын аяқтаған.

Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы департаментінің инспекциялау бөлімінің бас маманы, "Астанаэнергосбыт" ЖШС-нің халықпен жұмыс істеу департаментінің инженері, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің сарапшысы қызметтерін атқарған. 2009-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінде әр түрлі лауазымдарда еңбек етті. Атап айтқанда, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі, бас инспектор және Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

2023 жылғы ақпан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске салсақ, 2025 жылдың сәуірінен бастап ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін Жақсылық Омар атқарған болатын.

Айта кетейік, Жақсылық Омарға қатысты ақпарат 2026 жылғы 13 ақпанда әлеуметтік желілерде пайда болған. Сол күні әкімдік бұған қатысты түсініктеме берген. 18 ақпанда ҰҚК бұл шенеунікке қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаған. 19 наурызда Өскемен қаласында басты сот процесі басталып, оған қандай айып тағылғаны белгілі болды. Жақсылық Омар сотта өз кінәсін толық мойындаған. 3 сәуірде Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны қызметтік өкілетін пайдаланып алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, Toyota автокөлігі тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: