Ғани Нығметов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Dixinews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2019 17:14 Dixinews.kz
Ол соңғы рет ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығметов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды" делінген хабарламада. Оның орнын Ғани Нығметов басты.

Ол 1983 жылы Шалқар қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Мемлекеттік басқару магистрі. Соңғы рет ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: