Жаңалықтар тізбегі
0

Айжан Шайназарова ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды

Айжан Шайназарова Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды Сурет: gov.kz
Айжан Шайназарова Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастады.
  • 1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 1999-2001 жылдары — Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы.
  • 2001-2004 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы.
  • 2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында — ҚР ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы.
  • 2004-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.
  • 2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз