Ұлы Абайды дәріптеуде шашын пида еткен бала бәрін шаң қаптырды
Facebook
Ал ұлы ақынның суретін айнытпай салып берген шаштараздың есімі - Меруерт Даулетова екен.
Алматылық 6-сынып оқушысы Әлихан Ерболатұлы ақын Абай Құнанбаевтың портреті бар шаш үлгісін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бұл оқиға күтпеген жерден болды. Instagram парақшасы арқылы шаш алдыратын модельдер керек деген хабарландыруды оқып, сол бойынша хабарластық. Бірақ бізге Абай Құнанбаевтың портретін салатынын айтқан жоқ. Жай ғана "Келіңіз!" деді. Абайдың суретін салатынын балам барған соң ғана біліпті. Әрине, қарсы болмаған. Өзіміз баламыздың ерекше шаш үлгісі туралы үйге келген соң ғана білдік. Жеке тұлғалардың портреті бейнеленген шаш үлгісі жиі кездесе бермейтін болған соң, көп адамдар қызық көріп қарап, кейбір адамдар баламмен өздері келіп амандасып жатады", - деді Әлиханның анасы Ақбота Балжанова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Ал ұлы ақынның суретін айнытпай салып берген шаштараздың есімі - Меруерт Даулетова екен. Ол Абай өлеңдерін оқып жатқандарды желіден көріп, оған осылайша ерекше үлес қосайын деген өзіне ой келгенін айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript