Президенттік кадр резервіне жасы 35-тен аспайтын кандидаттар кіреді
egemen.kz
Комиссияны ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі басқаратын болады.
"Ашық НҚА" порталында "Президенттік кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" қаулы жобасы мен кадр резервін құру ережесі талқылау үшін жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат Президенттік кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия қалыптастыруды көздейді. Комиссияны ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі басқаратын болады.
Резервке іріктеуге ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлерді қоспағанда, отыз бес жастан үлкен емес, жоғарғы білімі және бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады, делінеді қаулы жобасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript