Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ жеріне кіріп алған армениялық көліктердің бәрі тіркеледі

Дром Дром
Министрлік енді жүргізушілердің бұл қулығын шектегісі келеді.

Елімізде жүрген армян нөмірлі көліктер түгел рәсімделмек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай бастама көтеріп отыр. Өйткені сол жақтан машина айдап әкеліп, еш жерде салық төлемейтіндер көбейген дейді министрліктегілер, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мәселен, Қазақстан азаматы Арменияға барып уақытша тіркеуге тұрады да, көлік сатып алады. Ол көлігін сол Арменияда тіркеуге қояды. Сосын оны Қазақстанға әкеліп, осында мініп жүре береді. Ақырында не Арменияда, не Қазақстанда салық төлемейді. Ресми мәлімет бойынша, биылдың өзінде АҚШ-тан Арменияға 60 мыңдай жеңіл көлік әкелінген. Жап-жаңа болмаса да бағасы біздің елде шығарылатын көліктерден екі есе арзан. Министрлік енді жүргізушілердің бұл қулығын шектегісі келеді.

Аманияз Ержанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

- Егер жұрт сол жақтан көлік сатып алғысы келсе, мархабат, біз қарсы емеспіз. Тек заңдастырсын. Транзиттік нөмірмен әкелудің қажеті жоқ. Одан да осында әкеліп, заңға сай тіркеуге қойып, сосын емін-еркін айдап жүре берсін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз