Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Арыста тағы болып, мұндағы құрылыс жұмысының 90% біткенін мәлімдеді

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 20:15 Баспасөз қызметі
Қазіргі таңда зардап шеккен 7516 бір қабатты жеке үйлердің 6611-і немесе 90 проценті жөндеуден өткізілді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Арыста болып, қаланың залал келтірілген үйлерін, әлеуметтік нысандарын, инженерлік желілерін салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ қаланы қалпына келтіру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің басшысы әскери қалашықтың тұрғын аймағын қарап, И.Журба атындағы мектепті, қалалық аурухананы, темір жол вокзалын, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, орталық стадионды реконструкциялау жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Оның қорытындысы бойынша Мамин кеңес өткізді, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Арыс қаласын қалпына келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қаралып, құрылыс-жөндеу жұмыстарының қорытындысы шығарылды.

Қысқа мерзімде Арыс қаласында үлкен ауқымды жұмыс атқарылды. Қаланың 90 проценті, соның ішінде, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар мен инфрақұрылымдары қалпына келтірілді. 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтіріліп, 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кірді. Барлық инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізілді. Көшелер ауқымды түрде реконструкцияланды. 62 әлеуметтік нысан, соның ішінде – ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін дайын болады.

ҚР қорғаныс министрі Н.Ермекбаев, ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ.Өскенбаев, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарма төрағасы Б. Сандықбаев, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О.Ордабаев өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, кеңес барысында өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының басшылары сөз сөйледі.

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арыс қаласын қалпына келтіру мақсатында еліміздің барлық өңірлері, ұлттық компаниялары, ірі бизнес өкілдері белсенді түрде атсалысты", — деген А. Мамин бір ай ішінде ауқымды жұмыстар атқарылғанын, қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы қатысқанын айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 20:15

ҚР Үкіметінің басшысы Арыс қаласын қалпына келтіруге араласқан, көмек қолын созған барлық отандастарға, бизнес, әкімдік өкілдеріне, құрылысшыларға алғыс білдірді.

Кеңесті қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі жалпы қаладағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталғанын атап өтіп, тиісті министрліктер мен ведомстволарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда зардап шеккен 7516 бір қабатты жеке үйлердің 6611-і немесе 90 проценті жөндеуден өткізілді. Қалған 905 бір қабатты жеке үйлерді жөндеу жұмыстарын 10 тамызға дейін аяқтау қажет. 67 көп қабатты үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды 20 тамызға дейін аяқтау керек. Барлық 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру жұмыстарын 20 тамызға дейін бітіру қажет. Осыған орай, Штабтардың жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады.

Өңірлер бекітіліген секторларындағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын аталған мерзім ішінде толығымен аяқтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы облысы бекітілген секторларында жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылыс барысын қатаң бақылауға алуы қажет.

Түркістан облысының әкімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Арыс қаласының және қала маңындағы елді мекендер тұрғындарына бір реттік өтемақы төлеу жұмыстарын толығымен аяқтауы тиіс.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, қаланың барлық коммерциялық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауы керек.

Қорғаныс министрлігі бекітілген Жол картасы бойынша қоймалардағы қару-жарақтарды шығаруды жүйелі түрде қамтамасыз етіп, Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп әскери қалашықтағы әскерге қатысы жоқ 58 отбасының мәселесін пысықтауы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: