Жаңалықтар тізбегі
0

Астана процесі: тараптар Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады

ҚР СІМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 23:22 ҚР СІМ баспасөз қызметі
Ресми құжатта Астана процесінің жаңа бақылаушылары ретінде Ирак пен Ливан делегацияларының қатысуы айрықша аталып өтті.

Астана процесі аясында Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі келесі халықаралық кездесу қазан айында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Астана процесінің 13-кездесуінде кепіл мемлекеттер - Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде айтылды.

"Сирия мәселелері бойынша Астана форматындағы келесі халықаралық кездесуді Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың қазан айында өткізуді ұйғардық", - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко елордада Сирия бойынша келіссөздің 13-раундында кепіл мемлекеттердің бірлескен мәлімдемесін оқу барысында.

Сонымен бірге, ресми құжатта Астана процесінің жаңа бақылаушылары ретінде Ирак пен Ливан делегацияларының қатысуы айрықша аталып өтті.

"Бақылаушы елдер - Иордания, Ирак және Ливанның Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату ісіне өз үлесін қосатынына сенім білдіреміз. Нұр-Сұлтан қаласында Сирия мәселелері бойынша 13-халықаралық кездесу өткізгені үшін Қазақстан билігіне шынайы алғыс айтамыз", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, елордада Сириядағы дағдарысты реттеу бойынша Астана процесінің 13-ші халықаралық кездесуі өтті. Басқосу Сириядағы, әсіресе Идлиб провинциясы мен елдің солтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды талқылауға, қақтығысушы тараптар арасындағы сенімді нығайтуға және саяси процесті одан әрі ілгерілетуге баса назар аударады. Одан бөлек Астана процесінің қатысушылары Сирия аумағындағы барлық халыққа гуманитарлық көмекті арттыру қажеттігін атап өтті. Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсарту және саяси реттеу процесін қолдау мақсатында халықаралық қауымдастықты, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін Сирияға көмекті арттыруға шақырдық. Оның ішінде негізгі инфрақұрылым нысандарын - су және электрмен қамту, мектеп, ауруханаларды тезірек қалпына келтіру және гуманитарлық минасыздандыру жобаларын жүзеге асыруға мән беру сұралды.

Сондай-ақ Астана процесінің кепіл мемлекеттері халықаралық ұйымдарды Сириядан ауған босқындардың қайта оралуына көмектесуге шақырды. Атап айтқанда, халықаралық қауымдастықты, барлық мүдделі тараптарды, оның ішінде БҰҰ Босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссар басқармасы мен өзге де маманданған халықаралық ұйымдарды.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: