Тоқаев Ұлттық қордағы активтің бір бөлігін алтынмен алмастыру туралы Жарлыққа қол қойды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қор активтерін диверсификациялау саясатына өзгеріс әкелетін Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 тамызда Мемлекет басшысы 2016 жылы 8 желтоқсанда жарияланған № 385-ші - ҚР Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына түзетулер мен өзгеріс енгізетін Жарлыққа қол қойды
Сөйтіп "Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі принциптері мен тәсілдері" бөліміне өзгерістер енгізілді.
"5.3. Ұлттық қордың активтерін басқару" деген тарауының сегізінші бөлімі былай деп өзгертіледі:
"Жинақ портфеліндегі активтерді стратегиялық бөлу активтерді әртараптандыруды жалғастыруға бағытталған және консервативті бөлуден (акциядағы 20% облигациялардағы 80%) теңдестірілген таратуға (облигациялардың 60%, акциялардың 30%, балама құралдардың 5% -на дейін және алтынның 5% дейін) өтуді көздейді. Ол ұзақмерзімді кірісті арттыруға бағытталады.
Тұжырымдаманың алдыңғы нұсқасы активтерді келесі акцияларға теңгерімді бөлуді қарастырды: 60% облигация, 35% акция және 5% балама құралдар.
12 шілдеде Қазақстан үкіметі президентке Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды.
Ұлттық қордағы жинақ портфелінің 5% -на дейінгі алтын портфелі "халықаралық қаржы нарықтарындағы шетелдік валюта активтерінің тартымдылығының ықтимал төмендеуінен Ұлттық қор активтерінің сақталуы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында" қалыптастырылатындығы туралы хабарланды".
Ұлттық қор портфеліндегі алтын Ұлттық банктегі алтынвалюта резервінің алтын бөлігін сатудан түскен ақшаға толықтырылады.
Биылғы жылдың маусым айының соңындағы дерек бойынша, Ұлттық қордағы ақшаның көлемі - 26,2 трлн теңге, бұл өткен жылғыдан 18 процент өсім барын көрсетеді, өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткіш – 22,1 трлн теңге.