Астана енді Нұр-Сұлтан дегенде шок болдым – "Барыста" ойнаған Петерссон

Қазір мәскеулік "Димано" сапына ауысқан швециялық шабуылшы Андре Петерссон қазақстандық "Барыс" хоккей клубының сапында ойнаған кездерін еске алды, деп жазады sports.kz.
– Шетелдіктерге деген көзқарас жағынан Қазақстан мен Ресей несімен ерекшеленеді?
– Ешқандай ерекшелік жоқ, екі елде де бәрі нормальный.
– Көктемде Астананың атауын Нұр-Сұлтан етіп өзгертіп жіберді. Бұл жаңалықты қалай қабылдадыңыз?
– Қатты таң қалдым, шынын айтайын. Бір-ақ сәтте қала атауын өзгертіп жіберді! Интернетке кірсем, қаланың атауы басқаша жазылып тұр. Бұл енді бәріміз үшін шок болды.
– Қазақтың тамағы ұнады ма?
– Қалада еуропалық мейрамханалар көп еді, негізінен сол жерлерде тамақ ішіп жүрдім. Қазақстанның тамағы дәмді болатын, жеке бір тағам түрлерін бөле-жара атай алмаймын.
– "Барыста" мұз айдында қойды құрбандыққа шалды ғой. Одан басқа да қызық нәрселер болды ма?
– Қой туралы естідім. Бұл енді айтуға тұрарлық нәрсе. Бірақ мен ойнағанда ондай алабөтен оқиғалар болған жоқ.
– ҚХЛ-де бес жыл бойы ойнап жүрсіз. Арақ ішіп көрдіңіз бе?
– Әрине, бірнеше рет, ха-ха! Орыстың арағы жақсы!
– Командаластармен іштіңіз бе?
– Иә, бізде командалық кештер жиі өтетін.