Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің үздік ауруханалары анықталды

massaget.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2019 16:59 massaget.kz
Серіктестіктің басты шарты – тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлемін жіті қадағалап отыру.

Медициналық сақтандыру қоры Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингін жасады. Мемлекеттің тапсырысы бойынша халыққа 1404 мекеме қызмет көрсетеді екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серіктестіктің басты шарты – тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлемін жіті қадағалап отыру. Бақылауды тікелей қор өткізеді. Науқастарды емдеу не тексеру сапасы медициналық ұйымның жеке немесе мемлекеттік болғанына қарамастан бірдей болуы маңызды, – делінген медициналық сақтандыру қорының хабарламасында. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың қадағалады. Мамандар медициналық көмек кезінде 218 мың ауытқушылықты анықтаған.

– Медициналық көмектің сапасын бақылау қорытындысы бойынша стационарлық және станционарды алмастыратын медициналық мекемелердің рейтингін түздік. Тізім ұйымдардың нәтижие коэффициентіне байланысты жасыл, сары және қызыл үш аймаққа бөлінді. 58 медициналық мекеме қызыл аймаққа ілінді, – деді, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев.

Бақылау барысында Қостанай қалалық ауруханасы, Балқаш Орталық ауруханасы, Нұр-Сұлтан Орталық жол емханасы мен Текелі қалалық ауруханасында бірқатар кемшіліктер табылды. Медициналық сақтандыру қоры бұл кемшіліктер үшін қаржыландыру көлемін азайтады. Жарты жылда игерілмеген 2,8 миллиард теңге негізгі бағыттар бойынша медициналық ұйымдар арасында үлестіріледі.

Нәтижелі әрі сапалы жұмыс істейтін мердігерлердің тізіміне 98 медициналық ұйым енді. Сараптама қорытындысы олардың 70% жекеменшік клиника екенін анықтаған. Ал үздіктері мыналар: Шымкенттегі көз аурулары ғылыми-зерттеу институты, Жамбыл теміржол ауруханасы, Түлкібас орталық аудандық ауруханасы, Республикалық балаларды оңалту орталығы мен Ұлттық медициналық университеті.

Көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру үшін медициналық сақтандыру қоры жасыл аймақтағы мердігерлерді ынталандырып, ал қызыл аймақтағыларға шара қолдануды жоспарлап отыр.

Болашақта медициналық көмектің сапасы клиникамен келісімшартқа отырарда назарға алынатын болады. Медициналық сақтандыру қоры науқастың мүддесі үшін медициналық көмекті сатып алатындықтан олардың құқығын білуі мен заңсыз жағдайларды хабарлауы маңызды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: