Жәйремдегі төбелес туралы полиция ақпарат берді
Atameken Business Channel
Тергеу органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтайды.
12 тамызда Қарағанды облысындағы Жәйрем ауылындағы кен байыту комбинатында жұмысшылар арасында қақтығыс болып, төбелеске қатысушылар жеңіл дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, төбелес тұрмыстық кикілжіңнен туындаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293 бабы 3 б бойынша тергеу басталды. Тергеу органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтайды.
Оқиға орнына жағдайды тұрақтандыру үшін өңір басшысы аттанды. Қазір Жәйремдегі жағдай тұрақты, полиция органдары бақылауға алды.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес жария етілмейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript