Жаңалықтар тізбегі
0

Республикалық тамыз кеңесінде жекеге тиесілі мектептер жайы да талқыланады

kasipkor.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2019 15:23 kasipkor.kz
Қазір олар еліміздегі орта оқу орындарының тек 1 процентін құрайды. Алдағы 3 жылда Қазақстанда 190 мектеп бой көтереді. Бұл үш ауысымдық білім беру мәселесін шеше ала ма?

Бүгін елорда төрінде республикалық тамыз кеңесі өтеді.Онда көтерілетін мәселелер сан алуан. Соның бірі – жекеменшік мектептер жайы, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазір олар еліміздегі орта оқу орындарының тек 1 процентін құрайды. Алдағы 3 жылда Қазақстанда 190 мектеп бой көтереді. Бұл үш ауысымдық білім беру мәселесін шеше ала ма?

Еліміздің кей өңірлерінде мектеп тапшылығы өзекті. Әсіресе, елордада.

– Жалпы қала бойынша орын тапшылығы мәселесін шешу мақсатында қалалық әкімдік тарапынан 2023 жылға дейін жоспар бекітілген. Осыған сай біз 37 мектептің және 10 қосалқы құрылыстың салынуын аяқтап іске қосу керекпіз. Осы нысандардың барлығы пайдаға берілгенде толықтай 3 ауысым мектеп пен орын тапшылығы болмайды, - дейді қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Жазира Асанова.

Жаңа оқу жылында бас қаладағы үш мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Ал мамандар жеке мектептерді салу түйткілдің түйінін шешетініне сенімді. Егемендік жылдары елдегі жекеменшік білім ошақтарының саны – 160-тан сәл асқан. Тек былтырғы өсім айтарлықтай. Әйтпесе, 114 мектепті қанағат тұтып келіппіз.

Роза Шәріпқызы, жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының төрағасы:

– Жеке білім беру секторының ең үлкен міндеті – мемлекетке көмектесу. Мемлекеттік мектептердің ауыр жүгін көтерісу. Былтырғы оқу жылынан бастап жеке мектептерге жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізе бастады. Бірақ әлі де көпшілік тарапынан түсініспеушілік бар. Бұған ақпараттың аздығы себеп. Біз осы бағытта тығыз жұмыс істеп жатырмыз.

Әзірге инвесторлар бастауыш мектептерді салумен шектелуде. Жеке мектептер Алматы мен Шымкентте көп шоғырланған. Бірақ мұндағы ұстаздардың біліктілігін арттыру, білім ошағын тегін оқулықпен қамту жағы ақсап тұр. Сондай-ақ қазақ тілді мектептер жоқтың қасы. Ал көкшетаулық мұғалім Дамир Сұрағановтың айтуынша, үш ауысымдық мектеп сапалы білім беруге кедергі.

Дамир Сұрағанов, мұғалім:

– Үш ауысымдық мектеп бала түгіл үлкен адамның өзіне таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс жасауға өте үлкен ауыртпалық тигізеді. Бірақ қазір мемлекеттің бастамасымен әр аудандарда болсын, қалаларда болсын мәселелер шешіліп жатыр. Мысалы, Щучинск қаласының өзін алатын болсақ, екі мектеп ашылып отыр. Биылғы қыркүйек айында тағы да екі мектеп өзінің есігін оқушылар үшін айқара ашып, тағы да үлкен мәселе шешіледі.

Білімді ұрпақ - ел ертеңі. Бүгінде жеке мектептердің түлектері еліміздегі озық мамандар санатында. Халықаралық және отандық аттестатты еншілейтін шәкірттердің өзге замандастарына үлгі екені сөзсіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: