Президент 12 жылдық білім беру жүйесіне қалай көшу керектігін айтты

nao.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2019 18:33 nao.kz
Жиындағы өз сөзінде Президент білім саласындағы бірқатар мәселелермен қатар 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесіне де тоқталды.

Қазақстан астанасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жыл сайынғы мұғалімдердің тамыз жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиындағы өз сөзінде Президент білім саласындағы бірқатар мәселелермен қатар 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесіне де тоқталды.

- 2025 жылға дейінгі Білім және ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда 12 жылдық жүйеге ақырындап, байыппен көшуді қамсыздандыруды тапсырамын. Оған қоса, бұл арада техникалық және кәсіби білім жүйесі қай бағытта жылжитынын түсініп алу маңызды, - деді Тоқаев.

Айта кетсек, бүгінгі жиындағы сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мұғалімдердің жалақысын алдағы 4 жылдың ішінде екі есеге өсіруді тапсырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: