Мұғалімдердің бес күндік жұмысқа көшуіне кедергі жоқ – Аймағамбетов
акценты-газета.рф
Мұғалімдерге сенбі күнін өз үйінде, өз балаларының қасында өткізуіне болады – министр.
Тамыз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің сенбі күні демалуына заң бойынша шектеу жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
- Бес күндік жұмыс аптасына қатысты сұрақтар көптеп қойылуда. Біздің мектептеріміздің белгілі бір бөлігі бес күндік жұмыс аптасына ауысты. Бірақ ол жерде де мәселе бар – балалар бес күн оқыса да, мұғалімдер сенбі күні жұмысқа келуі керек, - деді Аймағамбетов.
Оның сөзінше, кей өңірлерде мұндай тәжірибе жоқ, алайда бұл мәселеде бірыңғай тәртіп керек.
- Заңды қарадық, педагогтер бес күн жұмыс істеуі керек. Алтыншы күнді өз еркімен пайдалана алады. Егер мектеп бес күндік тәртіпке ауысса, сосын мұғалімнің өзі сенбі күні шынымен де мектепке бармай-ақ қояйын деп шешсе – сенбі күнін мектептен тыс шаруаларына арнауына құқылы. Мұғалімдерге сенбі күнін өз үйінде, өз балаларының жанында өткізуіне болады, - деді министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript