Жаңалықтар тізбегі
0

Жауап беріңіз деймін! Аружан Саин бала сатқан органның былығын әшкереледі

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2019 16:51 Facebook
Бүгінгі таңда Қазақстанда халықаралық бағыт бойынша бала асырап алумен айналысатын 13 агенттік аккредиттелген. Мәселен, 2015 жылдан бері 156 бала шетелдіктің асырауына берілген. Бұл - 1 жастан 9 жасқа дейінгі балалар.

Қазақстандағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин шетелдіктердің бала асырап алуына қатысты Балалар құқығын қорғау комитетіне жолдаған сауалына жауап алды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аружан Саин өкілетті органнан шетелдік бала асырап алу тәртібі мен баланың жеке немесе заңды тұлғаларға сатылуы туралы мәліметті растап, түсіндіріп беруін сұраған.

Сонымен қатар ол желіде шетелдікке қазақстандық бір баланың 200 мың долларға сатылады-мыс деп тараған ақпараттың скриншотын да жариялаған. Тіпті, ол арада Аружан Саинның аты-жөні де жүр.

Балалар құқығын қорғау комитеті берген жауапта Аружан Саинның шетелдіктерге бала сатуға еш құзіреті жоқ екенін, оның ешқашан шетелдіктерге бала сатумен айналыспағаны көрсетілген. Сондай-ақ құзырлы орган жауабында заң бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды құзырлы мемлекеттік органдарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың іріктеуіне, біреуге беруіне, соның ішінде шетелдіктердің асып алуына, басқа да іс-әрекеттеріне тыйым салынатындығы айтылған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда халықаралық бағыт бойынша бала асырап алумен айналысатын 13 агенттік аккредиттелген. Мәселен, 2015 жылдан бері 156 бала шетелдіктің асырауына берілген. Бұл - 1 жастан 9 жасқа дейінгі балалар. Онда да шетелдіктердің асырап алуына берілетін балалар ерекше күтімді қажет ететін РМБ-нің орталықтандырылған есебінде тұрғандар.

- Қазақстанда бала асырап алғаны үшін сот салығын қоспағанда, шетелдіктен ешқандай ақы алынбайтынын баса айта кеткім келеді. Бірақ осы ұйымдардың сайтынан Қазақстаннан бала асырап алу қызметінің құны туралы ақпарат ашық жазылған. Бұл қызметтердің құны 15 800 евродан 38 500 евроға дейін бағаланады. Ал басқа елдерде, айтқандай, мұндай қызметтің ақысы удай! - деп жазды омбудсмен.

- Шетелдік ерлі-зайыптылар мекеме директорларына "сары түсті бұйымдар", косметика, иіссу, спирттік ішімдіктер және тағы басқасын сыйлауға рұқсат етілген. Шетелдік ата-аналарға арналған жадынамада "баланың диагнозы еуропалық немесе американдық диагнозбен сәйкес келмеуі мүмкін" деп көрсетілген. Осы мәселеге қатысты Қазақстандағы балалар құқығы уәкілі атынан ҚР Президентіне, Бас прокуратураға, ҚР Білім және ғылым министрлігіне ресми хаттар жолданды,- деді ол.

Аружан Саин балаларды асырап алуға еш қарсылығы жоқ екенін айтты, егер әр баланың құқығы Қазақстан ратификациялаған халықаралық барлық конвенцияның шеңберінде сақталып жатса дейді.

- Бірақ бала асырау процесі бізде 100 процент ашық әрі бәріне бірдей ұғыныңқты болуы тиіс. Сондай-ақ, заңымыз да шетелдік және қазақстандық бала асырап алушыларға теңдей құқық берілуі керек, - деді ол.

Осыған байланысты ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті төрағасы Мәншүк Әбдікәрімнен мына сауалдарға жауап беруін сұрады:

1. Сіз басқаратын комитет аккредиттеген шетелдік бала асырап алу агенттіктерінің делдалдық қызметтерінің құнындағы үлкен айырманы түсіндіріп беріңізші: 15 800 - 38 500 евро. Неге ол басқа елдердің бала асырап алу құнынан бірнеше есе көп?

2. Балалар асырап алынған балалар үйінің директорларына берілетін "сыйлықтарға" қатысты түсініктеме бере кетсеңіз.

3. "Қазақстандағы бала асырап алу туралы шешімнің апелляциялық кезеңінің соңында балалар үйіне қайырымдылық (3,000 евро) түрінде берілуі тиіс делінетін ақы" туралы ақпаратқа да түсініктеме бере кетсеңіз.

4. Асырап алуға берілген балалардың диагнозы туралы құжаттарды жариялай отырсаңыз (Сіз менің бұл сауалымды сол күйі жауапсыз қалдырғансыз). Егер бұл емдеуге болатын науқас диагнозы болса, сайттарда солай делінеді, онда неге комитет ол балаларға қажетті медициналық көмек көрсетілгенін бақыламаған?

5. Шетелдіктердің асырауына қай мекемелерден және қай өңірлерден бала берілгені туралы ақпаратты жария етсеңіз.

Айта кетсек, 21 тамызда ҚР Білім және ғылым министрі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынұлы қызметінен босатқан болатын. Қазір оның орнына бұрынғы орынбасары Мәншүк Әбдікәрім келді.

Оқи отырыңыз: "Үнсіз жылай береді...". Алматыда 12 жасар қызды шешесінің көңілдесі зорлаған

Тағы да: Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: