Жаңалықтар тізбегі
0

Мойынқұмда құрамында алтын бар кен тастарын жинағандар ұсталды

Іңкәр Тотанбай Іңкәр Тотанбай
Тексеру барысында полиция қызметкерлері құрамында бағалы металл бар төрт қап кен тастарын тәркіледі.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында құрамында алтын бар кен тастарын жинағандар қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Онда ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне құрамында алтын бар кен тастарын жинаған азаматтар туралы хабарлама келіп түскендігі айтылған.

- Алтын өткізушілер кен тастарын жинаумен айналысып, "УАЗ" маркалы үш автомашинаға тиеген. Тексеру барысында полиция қызметкерлері құрамында бағалы металл бар төрт қап кен тастарын тәркіледі. Іс бойынша сегіз күдікті ұсталды. Тәркіленген кен тастарына сот-химиялық сараптамасы тағайындалды, - делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 334-шы бабы, 1-ші бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе) негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Заңсыз кен қазу адам өміріне қауіпті. Сол себепті тәртіп сақшылары алтын іздеушілерді анықтап, олардың жолын кесу арқылы алдын алу шараларын жүзеге асыруда. Алтын іздеушілер арнайы киім мен құрал-жабдықсыз шахтаға түседі. Қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан, олар жарақат немесе ажал құшуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 2017-ші жылы Мәжілісте Ақмола облысы прокурорының орынбасары міндетін атқарушы Қуаныш Әміралин осы күні қолданыстағы заңнаманың әлсіздігінен алтын рудасын ұрлаушылармен күресу мүмкін болмай отыр деген болатын. Оған қолданыстағы заңнаманың жетілмеуі, яғни, қымбат металдар мен шикізат тауарларын заңнамалық реттеудің болмауы себеп. "Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп құрамында алтыны бар руданы алумен заңсыз айналысушылармен күресу үшін арнайы бағдарлама әзірлеп отырмыз. Онда бұл мәселені шешудің заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық сияқты үш жолы қарастырылған. Мәжілісте осы бағдарламаға қатысты "Қазақалтын" ТМК" АҚ құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің пікірлерін тыңдап, қажет болған жағдайда толықтыратын боламыз", – деген болатын Қуаныш Әміралин.

ҚР "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзатын іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. Жер қойнауына мемлекеттік меншікті бұза отырып жасалған мәмілелер маңызсыз мәмілелер болып табылады.

Іңкәр Тотанбай

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: