27 тамызда түнгі 12-ден кейін әл-Фараби 80 болады

Алматы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2019 23:52 Алматы ПД баспасөз қызметі
Айыппұлдан қорықпай 80-мен жүре беруге бәрі дайын

27 тамызда түнгі 12:00-ден бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында жаңа жылдамдық ережесі іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Дайындық жұмыстары аяқталды, сағат 00:00-ден бастап рұқсатты шекті жылдамдық – сағатына 80 шақырым болады. Әл-Фараби даңғылындағы екі учаскеде ғана сағатына 60 шақырымдық жылдамдық шектеуі бар: Бағанашылға бұрылатын тұста және Кіші Желтоқсан көшесінің тұсында. Ал Сайын көшесінде рұқсатты жылдамдық бұрынғыдай – 60 шақырым болып қалды, - деді Алматы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полковник Жандос Мұраталиев.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: