Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысындағы 35 колледжге дуалды оқыту жүйесі енгізілген

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 00:29 Zakon.kz
Колледж студенттерінің 50,9 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін оқуда.

Жамбыл облысындағы 35 колледжге дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, 193 кәсіпорынмен үш жақты келісімшарттар жасалған. Өткен жылы аталған жүйемен оқуын аяқтаған 1588 түлектің 75 пайыз жұмыспен қамтылды. Жұмыс беруші мен колледждер арасында 3581 түлекті жұмыспен қамту туралы 726 келісім шарттар жасалған. Облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмахамбетова тамыз кеңесінде осылай деді.

Облыста 46 колледж жұмыс істейді оның 23-мемлекеттік, 23-мемлекеттік емес. Өңірдегі техникалық және кәсіптік мамандарға деген еңбек нарығының сұранысына сай жаңа оқу жылына облыстағы 47 мамандыққа 3082 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Жалпы, бөлінген мемлекеттік тапсырыстың 56,7 пайызы (1750-і) "Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру" жобасы аясында жұмысшы мамандықтарына берілді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, кәсіптік техникалық мекемелерде жұмысшы мамандығында оқитын студенттердің стипендиясы 1 қыркүйектен бастап 30 пайызға артады. Осы мақсатта өңірдегі колледждердің 8321 студентіне 163 млн. 373 мың теңге бөлінді.

Колледж студенттерінің 50,9 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін оқуда. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 1028 орынға артық. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2018 жылы 3500 түлек бітірсе, оның 84,2% жұмысқа орналасты. Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен Құлан агротехникалық колледжінен үлгілік колледж жасау мақсатында аталған оқу орындарынан "WorldSkills" стандартына сай 10 құзыреттілік орталығы құрылды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облыстық білім басқармасы Арыс қаласында орын алған оқыс оқиғадан зардап шеккен отбасылардың 473 баласын облыстың сауықтыру лагерьлеріне орналастырып, жазғы демалыспен қамту шараларын ұйымдастырды.

19. Жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін еңбек жасақтары, әскери-патриоттық палаткалы лагерьлер жұмыс жасады. "Өз жеріңді танып біл" жобасы аясында оқушылар ауданнан ауданға, облыс аумағындағы сакралды орындарға саяхат жасап, туристік экскурсияларға көптеп тартылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 00:29

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: