Алматыда колледж студенттеріне 50 млн теңгеге жуық берешек төленді
Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының прокуратурасы колледж студенттерінің құқықтары бұзылғанын анықтады. Оларға мемлекеттік шәкіртақы мен жол жүру шығындарына өтемақы төленбеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 19 қазанда қалалық прокуратура хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің студенттеріне мемлекеттік шәкіртақы мен жол жүру шығындарына өтемақы төленбей, берешек көлемі 50 млн теңгеге жуықтаған.
Прокуратура араласқаннан кейін заң бұзушылықтар жойылды.
"Берешек толық өтеліп, 676 студенттің құқығы қалпына келтірілді", – делінген ведомство хабарламасында.
Ал Астанада жатақхана коменданты басшылықтың тапсырмасы екенін айтып, студенттер мен жоғары оқу орны қызметкерлерінен ай сайын 14 300 теңгеден жинап келген. Осылайша, ол өзіне сенген студенттер мен қызметкерлерден 3 млн теңгеден астам ақша алған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript