Жаңалықтар тізбегі
0

"Тұрмысы төмен" қазақ әлеуметтік көмек алуға су жаңа Lexus мініп келді

Клуб добряков Павлодара, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2019 17:16 Клуб добряков Павлодара
Қолындағы анықтамасына қарасақ, тұрмысы төмен, көпбалалы бұл отбасының айлығы 25 мың және 31 мың теңге.

Балаларына қалам-дәптер сияқты әлеуметтік қайырымдылық көмек алуға қымбат көлікпен жетіп келген "тұрмысы төмен" жерлес Павлодардағы "Клуб добряков Павлодара" қоғамдық қорының мүшелерін таң қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz Павлодар-онлайн-ға сілтеме жасап.

Тұрмысы төмен отбасымыз деп, волонтерлердің қолынан көмек алуға келген ер адамның қолындағы анықтамасына сай, бұл отбасында ата-ананың айлығы 25 мың және 31 мың теңге екен.

- Кейін анықталғандай, отағасы аса қымбат Lexus көлігінің соңғы моделін теуіп жүр, ал оның отбасы үлкен, коттеджге бергісіз үйде тұрады екен. Оған өзіміз барып көз жеткіздік, - деп жазады волонтерлер.

Балаларына зияны тимесін деп, әлгі отбасының кім екені айтылмайды. Бірақ бұл кісінің қылығы адамшылыққа жатпайды дейді. Оның алып алған көмегі шын мұқтаж басқа отбасыға шынымен де керек болатыны анық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: