Мәжіліс депутаттары "Smart Aqkol" ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

Бүгін Мәжіліс депутаттары Ж.Дүйсебаев, Г. Қарақұсова және Т. Яковлева Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы "Smart Aqkol" ахуалдық орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің ,аспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталып, цифрландыру саласында жүзеге асырылған "Smart city" жобасымен танысқан депутаттар аталған орталықтың болашағы зор екеніне назар аударды.
Жан-жақты соңғы технологиямен қамтамасыз етілген орталық одан әрі дұрыс, әрі нақты жұмыс істесе тұрғындарға шынайы көмегін тигізбек.
Осы ретте, Мәжіліс депутаты Ж.Дүйсебаев:
- Қаланың ең негізгі деген сұрақтарын басқару жүйесі құрылған. Оның ішінде денсаулық сақтауғ, оқу саласы, тәртіп саласы, жарықпен қамтамасыз ету, уақытында жедел-жәрдем көрсету мәселелері және тағы басқа жағдайлар бұрынғыдай шешілмей уақытында шешіліп халық өзінің жағдайын жақсартуға жол ашады, - деді.
Айта кету керек, "Smart Aqkol" жобасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.