Tour of Almaty. 30 және 31 тамызда біраз көшелер жабылады
cycling.kz
Екі кезеңнен тұратын үлкен веложарыс өтеді.
30 және 31 тамызда Алматыда екі күндік Tour of Almaty веложарысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шараның сайтында веложарыстың жүретін жолы көрсетілген. Жарыс кезінде көшелерде қозғалыс шектеледі.
Веложарыстың бірінші кезеңі 30 тамызда өтеді. Индустриялық саябақта айналымдық топтық жарыс болады.
Старт пен финиш – "Алматы Арена" сарайының алдында. Жарыс жолы – 118,6 шақырым. Старт - 12.00-де, финиш - 15.00-де.
Екінші кезең 31 тамызда өтеді. Бұл "Road to Medeu" топтық жарысы. Старт 11.00-де "Халық Арена" алдында. Финиш в 15.30-де "Медеу" мұз айдыны ғимаратының алдында. Жарыс жолы – 160 шақырым.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript