Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаевтың Жолдауынан

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2019 17:59 Ақорда
Мемлекет басшысының сөзінше, енді Қазақстан шикізатқа байланған менталитеттен бас тартады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған өз Жолдауында жердің шетелдіктерге сатылуына жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз, деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, енді Қазақстан шикізатқа байланған менталитеттен бас тартады.

– Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру. "Білім экономикасы", еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды, – деп қосты ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетінін жеткізді.

– Мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз, – деді Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: