Президент Жолдауды өзі әзірледі - Ерлан Қарин
bnews.kz
Сондай-ақ ол "кландар бөлінісі" туралы мәселеге өз көзқарасын білдірді.
ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауды әзірлеумен жеке шұғылданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Президент бұл құжатпен жеке өзі жұмыс жасады. Мен мұны нақты айта аламын. Ол оған президенттік сайлау аяқталған соң бірден кірісті. Сол кезде Жолдауда көрініс табатын маңызды деген тезистермен алдын ала жұмыс істеді. Әрине, Президент аппараты Жолдау мәтініндегі заңдық-құқықтық компоненттерді өңдеп, егжей-тегжейлі оны бір сүзгіден өткізіп, оған өзіндік үлес қосты. Меніңше, енді Үкімет өзара кеңесіп, Президенттің тапсырмаларын орындау үшін жалпыұлттық жоспарды қабылдайды деп ойлаймын. Ол жан-жақты болады, - деді Қарин.
Сондай-ақ ол "кландар бөлінісі" туралы мәселеге өз көзқарасын білдірді.
- Клан деп, әрине қатты айтылған. Әрине, кез-келген қоғамда белгілі бір деңгейде бөлініс болады... Осыған сәйкес проблемалар болып тұрады. Бірақ, біз одан ешқандай кедергіні көріп тұрғанымыз жоқ. Мен солай ойлаймын. Бұл шаралар жүзеге асырылатын болады, - дейді Ерлан Қарин.
Айта кетсек, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript