Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда ер адам ұлының өліміне кінәлі күдіктіні өзі жазалады

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2018 20:30 sputniknews.kz
Ол өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінген адамды ұрлауға екі рет танысын жалдаған.

Ақтау тұрғыны ер адамды айдалада ұрып өлтіріп, сол жерге көміп кеткен. Ол 19 жылға сотталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азат Ізбасаров айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz, Lada.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Темірлан (аты-жөні өзгертілді – агенттік ескерт.) өз ұлын Маңғыстау облысының тұрғыны Марат өлтірді деп күдіктенген.

Темірлан күдіктіні ұрлау мақсатында танысы Тимурдан көмек сұрап, үш мың АҚШ долларын беретінін айтады. Тимур үш ер адамды жалдаған.

Олар Маратты іздеп Жаңаөзенге келген. Марат үйден шыққан кезде қолын байлап, елсіз далаға алып келеді, ол жерде Темірлан күтіп алған.

Өлтіремін деп қорқытқан соң "күдікті" Темірланның ұлын өлтіргенін мойындайды. Осыдан кейін Темірлан құқық қорғау органдарына хабарласып, Марат қылмысты мойындағанын айтады. Дегенмен полицейлер Маратты қамауға алмаған.

Кейінірек Темірлан Маратты екінші рет ұрлап әкеткен. Ол үшін сыбайластарына төрт миллион теңге беруге уәде еткен. Маратты тағы да елсіз жерге алып келеді. Бұл жолы Марат Темірланның ұлын өлтіргенін мойындамайды. Содан кейін Темірлан оны ұрып өлтірген. Мәйітті сол жерге көміп кеткен.

Кісі өлтіргені үшін Темірлан 19 жылға, ал сыбайластары 16 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: