Жаңалықтар тізбегі
0

Дамудың сапалы кезеңі

Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2019 01:33 Жамбыл облысы
Жанар Орынбаева, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты.

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналған еліміздің Тәуелсіздігін нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартудың жаңа сапалы кезеңінің мүмкіндіктері және міндеттері айқындалып отыр. 5 институционалдық реформа және Ұлт жоспарын толық жүзеге асыру қажеттілігін көздейтін Жолдау Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасының негізі болып табылады.

Саяси жүйенің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі болып табылатының атап көрсеткен мемлекет басшысы азаматтық қоғамды қолдау және нығайту қажеттілігіне тоқталды. Осы мақсатта құрылған Қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесі ротациялық қағидатпен жұмыс жасайтын болады.

Партия құрылысының процесін жалғастыру және еліміздегі көппартиялық, саяси бәсекелестік және пікірлер ұстанымы саяси жүйенің тұрақтылығы үшін өте маңызды екендігіне баса назар аударды. Алдағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауы еліміздегі көппартиялық жүйенің ары қарай дамуына ықпал ететіндігін атап көрсетті. Мемлекеттік органдар қызметіндегі басымдықтар қоғамық диалог, ашықтық, азаматтардың мұң – мұқтажын жылдам қабылдау тұрғындармен кері байланыстың тиімділігін арттырады. Жолдауда дамудың жаңа кезеңіндегі әлеуметтік саладағы басымдықтар айқындалған. Білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатын жүргізудің өте өзекті. Жолдауда атап көрсетілгендей, елімізде мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған. Оның дәлелі, орта мектепті аяқтаған түлектер техникалық және кәсіптік және жоғары оқу орындарына қабылданбай қалып, жұмыссыздар және маргиналдар қатарын көбейтуі бүгінгі күннің шындығы. Салдарынан олардың қылмыстық топтарға, экстремистік діни ағымдардың ықпалына түсіп кетуі орын алуда.

Сондықтан да, Жолдауда көрсетілгендей, орта білім берудің ұлттық стандарты оқушыларға кәсіби бағдар беру тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Жолдауда айтылған өзекті мәселенің бірі – мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайы. Президент тамыз конференциясында алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есе арттыруды тапсырған болатын. Келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 20 пайызға өсетіндігі бүкіл ұстаздар қауымы үшін үлкен қолдау деп санаймын. Өз кезегінде педагогтар болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуы үшін үлкен жауапкершілікпен қызмет атқаруы тиіс. 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жарияланды.

Мемлекет басшысы атап айтқандай, жастардың бойында белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамды нығайту біздің жұмысымыздың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі. Реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқан еліміз үшін Жолдауда айқындалған міндеттерді сапалы орындауға әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс. Президент атап көрсеткендей, осы мақсатта мемлекеттік органдардың жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуі талап етіледі.

Тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін мекеме басшыларына дербес жауапкершілік жүктеліп, аймақтардағы халықтың жағдайы сауалнама негізінде нақты бағалануы Жолдаудың сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі болып табылатындығын дәлелдеп отыр. Халықты толғандыратын барлық мәселелердің шешілуін көздейтін жаңа Жолдау ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артады.

Жанар Орынбаева, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: