Жаңалықтар тізбегі
0

Былық жүйе. Ашынған жолсеріктер кімге пара беретіндерін айтты

Alau.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2019 16:48 Alau.kz
- Біз бастық айтқан соң еріксіз билетсіз адамды аламыз, одан соң біздің үстімізден рапорт толтырылады, жұмыстан қағылатын да бізбіз. Ал біз ол адамды не үшін аламыз? Пара беру үшін - жолсерік.

Теміржолшылар жұмыссыз қалудан қорқады. Олар өздерінің билетсіз жолаушыларды алуына пойыз бастығы итермелейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Алау" телеарнасына сілтеме жасап.

"Жолсеріктер өз мұңын айтып, журналистерге шағымданды. Журналистерді ертіп олар директорға тікесінен тартты. Бұл арада пойыз бастығының вагондарға билетсіз жолаушылар алуға итермелейтіндігі жайында сөз болуда", - дейді телеарна тілшісі.

- Біз бастық айтқан соң еріксіз билетсіз адамды аламыз, одан соң біздің үстімізден рапорт толтырылады, жұмыстан қағылатын да бізбіз. Ал біз ол адамды не үшін аламыз? Пара беру үшін. Яғни, сол жолсапардан оралғанда оны бригадирдің қолына ұстатамыз. Ертең сол бригадамен рейске шығуым үшін. Яғни, рейсімді сақтау үшін беремін ол ақшаны. Егер пойыз бастығына ақша ұстатпасаңыз, ол сізді бригададан алып тастайды, үстіңнен рапорт жазып, жұмыстан шығарып жібереді. Сол үшін жан-жақтан қысастап, қақпақылай бастайды, - дейді Түрксіб-Астана рейсінің ашынған кондукторы Жасқайрат Гутов.

Жасқайраттың айтуынша, ол жақында екі жолаушыны билетсіз алғаны үшін ұсталып қалған. Аяқ-асты тексерушілер үстіне сау ете түскен.

- Олар мені кінәлі қып жіберді. Мен бірден айттым, "сіздерге беретін ақша үшін жұмыс істеп жүрмін ғой" деп. Ал олар болса, "өзің кінәлісің, кім сені мәжбүрледі" дейді. Содан айттым: "Қалай кім мәжбүрлеп жүр, өздерің мәжбүрлеп жүрген. Бер дейсіңдер, ал мен ол ақшаны қайдан аламын" дедім. Пойыз бастықтары бізден ақша алады", - деді Жасқайрат.

Оның айтуынша, соңғы уақытта осындай себеппен ұсталған 40 жолсерік жұмыстан шығарылған.

Жолсеріктер бұл жағдайдан өз директорларын да хабардар еткен екен.

- Біздің директор Рожко бұл мәселені "генералный" шешеді деп айтты. Мен "генералныймен" де байланысқа шықтым. Барлық жағдайды түсіндірдім. Ол: "Маған бәрін жазбаша түрде жібер", - деді. Whatsapp болса, тіпті жақсы деді. Мүмкін болса, осы фактіні дәлелдейтін видео мен аудиожазбаларды жіберуді сұрады. Мен қолымдағының бәрін ол кісіге бердім. Пойыз бастығымен арада болған әңгімені де, - дейді жолсеріктің бірі.

Жолсеріктер жұмыстан шығарылғандардың қайта қалпына келтіріп, оның орнына пойыз бастықтарын жұмыстан қууды сұрайды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер бұл жағдайда қалай әрекет ететіндерін айтып берді.

- Біз бұл шағымды өз бақылауымызға аламыз. Мониторинг жүргізіп, бұл мәселеге қоғамның назарын бұрып, ақырында оны ретке келтіреміз деп сенемін. Біз лауазымына да, басқасына да қарамаймыз. Біз түбінен қопаратын боламыз, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов.

Оқи отырыңыз: "Паразиттер" халықты сорып жатыр...". Мәжілісте бір депутат қатты кетті

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: