Жаңалықтар тізбегі
0

Божко халықтан кешірім сұрап, қызметінен кетсін деген талап шықты

assembly.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2019 21:46 assembly.kz
"Осы сөзі үшін Владимир Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрауы керек" дейді Мұхтар Тайжан.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың сөзі халықтың ашу-ызасын туғызуда. Осыған байланысты әлеуметтік желіде Божкоға пікірін ашық әрі қатқыл айтқандардың қатары көбейе түсті. Тіпті оны депутаттықтан кетіру туралы пікірлер де айтыла бастады, деп жазады "Қамшы" сайты.

Ескерте кетсек, Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко "халық биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіністік танытуы керек. Иә, үш жыл ішінде халықты әлеуметтік қолдау 17 есе өсті. Бұл үшін, кешіріңіз мені, қазақстандықтар билікке тізерлеп тұрып алғысын айтуы керек" деген болатын.

Осыған байланысты әлеуметтік желіде өз пікірін білдірген Мұхтар Тайжан "Осы сөзі үшін Владимир Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрауы керек" дейді.

– "Сіз депутатсыз, нақты айтқанда, вице-спикерсіз, сіз балаларыңызбен немесе немерелеріңізбен солай сөйлесіңіз. Қазақстан халқымен емес. Егер Божко халық алдында кешірім сұрамайтын болса, онда "Нұр Отан" партиясы оның аталған лауазымға лайықты, лайықсызын қарайтын болсын",– деді қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан фейсбук парақшасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: