Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ел Президенті ретінде нені қалайтынын айтты

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 18:27 Ақорда
Ол бүгіндері жастардың дүниетанымы тез өзгеріп жатқанын да атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті ретінде нені қалайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Осы елдің Президенті ретінде белсенді және өз мақсатына ұмтылған жастарға мына қиын заманда өз орындарын табуға мүмкіндік беруді тілеймін. Сондықтан да біз бизнес жүргізуге жағдай жасап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан қабілетті балаларға бөлек оқу гранттарын бөліп, талантты балаларды іздейміз, ел-жер басқару тізгінін ертең сеніп тапсыру үшін жастардың кадрлық резервінің тізімін дайындаудамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Ол бүгіндері жастардың дүниетанымы тез өзгеріп жатқанын да атап өтті.

- Қазір өз орнын табуға тырысып жатқан жастар саяси және экономикалық үлкен өзгерістер дәуіріне тап келуде. Бүкіл әлемде ол әрқилы жүруде - Қазақстан да олардың қалыс қалып жатқан жоқ. Біреулер ғылым мен өнердің тізгігін ұстаса, біреулері бизнеске бет бұруда, тағы біріне қоғамда белсенді болған ұнайды. Сол секілді клуб пен көшеде серуендеп, көңіл көтергеннен басқаны қаламайтындар да бар. Бұл осыған дейін, осыдан кейін де бола беретін қалыпты құбылыс, - деп сөзін түйіндеді Тоқаев.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Оған осы кеңеске мүше өкілдер мен бұқаралық ақпарат құралдары да қатысуда. Кеңестің мақсат - елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің өзекті мәселелерін талқылау.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: